Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы күшейтілген карантин нәтиже бере бастады
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы күшейтілген карантин нәтиже бере бастады
Фото: интернеттен алынды
2,170
оқылды
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында күшейтілген карантин режимі өз нәтижесін бере бастады, деп есептейді Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин. Бұл туралы ол Facebook-тегі  парақшасында жазды. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы күшейтілген карантин режимі қалай десек те өз нәтижесін бере бастады. Мемлекеттік комиссия екі қалада 28 наурыздан бастап күшейтілген карантин режимін енгізгеннен кейін коронавирус індеті таралуының өсім қарқыны баяулады», - делінген жазбада. Еске сала кетейік, екі қала да 22 наурыздан бастап толық карантинге жабылған болатын.