Азық-түлік, себетін таратты
Азық-түлік, себетін таратты
310
оқылды
Еліміздегі төтенше жағ­­­дай­ға байланысты Ел­­­ба­сы – Nur Otan пар­тия­сы­ның Төрағасы Нұр­­­сұлтан На­зар­баевтың тап­­сыр­ма­сы­мен республика кө­лемінде #BizBirgemiz акция­сы бас­тау алғаны белгілі. Бұл рет­те Nur Otan пар­тиясы халыққа қа­­­жет­­ті бетперделер, сани­тай­­­­­зер, сабын мен қолға ар­нал­­­­ған антисептиктері бар жиын­­­­тықтарды үлестіруді бас­тап кетті. Мұндай көмек әсіресе Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жал­ғызбасты қарттарға, аз қам­тыл­ған көпбалалы отба­сы­ларға және мүмкіндігі шектеулі азамат­тар­ға көрсетіліп жатыр. Аталған ак­ция Жамбыл облысы Қордай ау­данында да жалғасын тапты. #BizBirgemiz акциясы ая­сында Қор­дай ауданының құр­метті аза­маты, Nur Otan пар­тия­сының мү­­­шесі, кәсіпкер Сәр­себек Са­лы­баев өз әулеті аты­нан құран ба­ғыш­тап, бар­лығы 60 аз қамтылған, көп­ба­лалы, мүкіндігі шектеулі от­ба­сылар мен жалғыз­басты ана­лар­­ға азық-түлік себе­тін дайын­­дап, таратты. – Елге қауіп төнген кезде осы­­­нау дерттен айығуға дем бо­­­­латын ау­қымды іске атсалысу – әрбір аза­маттың парызы. #BizBirgemiz ак­циясы аясында сауап­ты іс-ша­ра­ға қатысудағы бас­ты мақсат – ау­дандағы ірі кә­сіпкерлерді игі бас­тамаға мұрын­дық болуға, бел­сене ат­салысуға шақыру, – деді Сәр­себек Сұлтанәліұлы. Күннен-күнге таралу ауқы­мы кеңейіп жатқан індеттің ал­дын алу шаралары өзге ай­мақ­­­тарда жү­­­зе­ге асырылып жатыр.  

Әбілмансұр ЖАСАН