Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты
Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты
564
оқылды
Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі ойлап тапты, -  деп жазады Lenta.ru. АҚШ ғалымдары ағзадағы созылмалы аурулармен күресетін механизм ойлап тапты. Мамандар егде жастағы кісілер Альцгеймер мен Паркинсон ауруларына жиі ұшырайтындықтан, осы дерттермен күресуга қарсы дәрі-дәрмек шығарған. Қартаю - зақымданған ДНҚ жиынтығы мен жасуша, тіндер және ішкі органдардағы гомеостазындағы ауытқулардан тұратын кешенді процесс. Бұл процесстегі ең әлсіз мүше ми болып келеді, оның қартаюы когнитив процесстердің әлсіреуі мен нейродегенератив процестердің күшеюінен байқалады дейді зерттеушілер. Ғалымдар қартаюға қарсы әлеуетті заттарды іздеу үшін Connectivity Map мәліметтер базасын пайдаланған.