«Мен жастарға сенемін!»
«Мен жастарға сенемін!»
????????
371
оқылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен өте­тін республикалық байқау сегіз жылдан бері бүкіл елді қам­титын елеулі алаңға айналды. Байқау жастардың патриоттық сезімін биікке көтеріп, азаматтық жауапкершілігін арттырып, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Байқау бағдарламасын дәстүрлі түрде үздік студенттік инновациялық жобалар номинациялары, «Еліміз­дің инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім» тақырыбындағы стартап, «Кайырымды қоғам» әлеу­меттік жобасы, сонымен қатар «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не іс­тей ала­мын?» атты үздік эссе, патриот­тық тақырыптағы поэзиялық шы­­ғар­­­малар мен ән байқаулары қамтиды. Алғашқы іріктеу кезеңі осы жы­лы 10-30 сәуір аралығында қашық­тан өтеді. Онлайн тіркелуден кейін қа­тысушылар видеороликтері мен өз жұ­мыстарын электронды түрде ұйым­­дастыру комитетіне жол­дау­­лары қажет. Байқауға қатысу – сту­­дент­терге өздерін көрсете бі­луге, әлеу­меттік маңызды бас­тама­­ла­ры мен шығармашылық жо­ба­ла­ры­мен бөлісуге таптырмас мүм­кіндік. Қа­шық­тықтан іріктеу ке­зеңінің қорытын­дысы бойынша фи­налға жеткен қа­тысу­шылар анық­­талады. Финалға өткен­дердің видеороликтері мен шығармашылық туындыларын әлеуметтік желілерге жариялау жоспарлануда, сол жерде әркім өзіне ұнаған жұмысқа дауыс бере алады. Проректор Шолпан Жаман­балаева айтқандай, ұйымдастыру комитетіне жыл сайын еліміздің әр өңіріндегі студенттерден 2 мыңнан аса өтінім келіп түседі. Байқау фина­лы 2020 жылдың қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да VIII «Мен жастарға сенемін!» форумы аясында өтеді. Қатысушылар өз жо­ба­ларын тақырыптық секциялар оты­ры­сында таныстырып, қорғай алады. Байқау қатысушыларының жұ­мыстарын объективті бағалауды тәуел­сіз қа­зылар алқасы қамтамасыз етеді. Оның құ­рамына беделді маман­дар – қоғам, ғылым, мәдениет және өнер қай­рат­керлері, бизнес, мемле­кеттік құры­лымдар және БАҚ өкіл­дері кіреді. Құзыретті қазылар алқасы үздік жұ­мыстарды әр кезеңде – қа­шық­тан іріктеу кезеңінен бастап Ал­матыдағы финалдық байқауға дейін анықтайды. Жеңімпаздар құнды сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Үздіктің ең үздігі бас жүлде – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантына ие болады. Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымы сыйлығы да беріледі. Байқауға қатысуға өтінім беру, іріктеу кезеңінің барысын қадағалау, сонымен қатар онлайн дауыс беруге қатысу www.kaznu.kz сайтында тір­келу арқылы жүзеге асады.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Алматы