Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырғандар саны алты адамға жетті.
Облыс әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, науқас Тараз қаласының 69 жасар тұрғыны. Ол 1 сәуір күні ауру адамммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге алынған болатын. Бұған дейін Тараз қаласында вирус жұқтырған 41 жастағы азаматтың бұл жақын туысы болып отыр. Яғни, туған анасы деген ақпар бар. 69 жастағы азаматшадан алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетіп, қазір науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, қажетті ем қабылдауда.
Осылайша Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 жетсе, 2 азамат Тараздан, 2 Қордай ауданынан және бір-бір науқас Шу мен Жамбыл аудандарынан анықталып отыр.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы.