Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Қаулыға не үшін қол қойғанын айтты.
Бұл қаулының негізгі мазмұны - әкімдердің әскери міндеті бар азаматтарды белгілі бір аймақтың қажеттіліктеріне арнайы жинауға шақыру құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл шара, ең алдымен, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін неғұрлым тиімді және жан-жақты қорғауға бағытталған. Қаулы әкімдерді барлық әскерилерді уақыт бойынша да, шақырылушылар саны жағынан да орналастыруды міндеттемейді, - деді министр.
Жиын eң көп дегенде 3 айға созылуы мүмкін, бірақ нақты уақытын жерлікті атқарушы орган белгілейді. Әкімдіктер әскери міндеттілерді жинауға шақыра алады, сол секілді оны мерзімінен бұрын тарата да алады. Мысалы, жергілікті билік кейбір жерде әскери міндетті адамдарды 10 күнге жинап алуы мүмкін. Ал кейбір жерде оған қажеттіліктің болмауы да ықтимал.
Ермекбаев әскері қызметке шақырылғандарға барлық әлеуметтік жеңілдік ұсынылатынын атап өтті: тамақ, киім-кешек, медициналық құралдар. Сонымен қатар оларға жалақы төленеді.
Еске сала кетейік, 2 сәуірде Президент әскери қызметшілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Қаулыға қол қойды.