Білім және ғылым министрі қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды шатыстыруға болмайтынын айтты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықттан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды.
«Біз қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды бірдей ұғымда пайдаланамыз. Негізінде қашықтан оқыту онлайн оқытуға тең емес ұғым. Қашықтан оқыту – жаңағы біз айтқан пошта, теледидар, радио, тапсырмаларды интернет арқылы алып оқу. Осы екі ұғымды бөлек тануымыз керек. Мысалы, Bilimland.kz платформасында бүгінгі күні 40 мыңнан астам әртүрлі ресурстар бар. Оған тіркелу, пайдалану толығымен тегін. Қашықтан оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануға болады. Қандай ресурс ыңғайлы соны толығымен пайдалануға болады. Тағы бір өте маңызды жайт, көбі қашықтықтан оқыту дегенді онлайн оқу деп ойлайды», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бірінші сәуірде елімізде сынақ сабақтар өткізілген.
«Сол кезде тек қана онлайн режимде 1 млн 250 бала шығып, дәріс алып көрді. Жалпы осы сынақ сабаққа әртүрлі платформада еліміз бойынша 2,5 миллион бала қатысты. Натижесінде жақсы дайындықты көрдік. Ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде қашықтан оқыту жүйесіне бағытталып, шеберлігін шыңдап дайындалған екен. Барлық ұстаздарға алғыс айтқым келеді. Сынақ сабақтар кезінде басқаша мәселелерді көрдік. Онлайн осыншама қосылуды көтермейді, соған байланысты көп ыңғайсыздықтар болды. Оған көзіміз жетіп отыр. Техникалық ақаулар жеткілікті. Интернет бұл жүйені көтере алмады. Онлайн оқудың орнына, мен айтқан платформалар арқылы қашықтан оқытуды жүргізуіміз қажет», - дейді министр.