Үкібай Елбасы денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды
Үкібай Елбасы денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды
© Сурет ғаламтордан
192
оқылды
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы қауесетті жоққа шығарды. Үкібайдың айтуынша, кеше Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өңір басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. "Бірінші кезекте төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатаң карантин жағдайында Елбасының жұмыс кабинетіне кіру шектеулі екенін түсіну қажет. Алайда, шектеулерге қарамастан, баспасөз қызметі халықты Тұңғыш Президенттің қызметі туралы уақтылы хабардар етуге тырысады. Біз ешқашан қауесетке түсініктеме берген емеспіз. Алайда соңғы уақытта жекелеген тұлғалар елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін, оның ішінде Елбасының денсаулығына қатысты жалған деректерді тарату арқылы белсенді әрекет жасауда. Мұның бәрі - арандатушылық және өтірік. Нұрсұлтан Назарбаев карантин жағдайында да отан игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастыруда және денсаулығы жақсы екеніне баршаңызды сендіргім келеді. Егер күмәнданғандар болса, онда бұл туралы Елбасы кеше сөйлескен кез келген әкімнен сұрауға болады. Енгізілген барлық шектеулер алынып тасталған бойда мен Бірінші Президенттің қатысуымен өткен жұмыс кездесуінен немесе кеңестен бейнежазба жасайтыныма уәде беремін", - деді Айдос Үкібай.