Мемлекет басшысы үндеуінде 800 мыңнан астам азамат тұрмысқа қажетті заттар мен тегін азық-түлік алатынын айтты. Мұндай жеңілдікке қол жеткізу үшін не істеу керек? Қажеттіліктерді тарату механизмі мен Президент тапсырған жауапты міндетті кім атқаратынын төменде тарқатамыз.
Nur Otan партиясы, жергілікті әкімдік пен Жастар саясаты басқармалары қызу жұмыс істеп жатыр. Жауапты азаматтар таңғы сағат 7-ден бастап азық-түлік жиынтығын реттейді. Түске жақын аумаққа волонтерлар келеді. Олар әкімдік жасаған тізім бойынша азық-түлік жиынтығын тиесілі жерге жеткізеді.
https://youtu.be/ch8gGHUN6f0
Естеріңізге сала кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 525 жағдай тіркелген.