Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді
Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді
© Сурет ғаламтордан
200
оқылды
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды. Бір тәулік ішінде 17 адамның жұқтырғаны белгіленді. Олардың барлығы сырттан әкелінген және байланыста болған адамдардан тараған. Науқастар жабық жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды. Қордай ауданының аумағында 6 сәуірден бастап ерекше шарттармен карантин режимі жарияланады. Қордай ауданында 3 инфекция жұқтырған адам тіркелген, олардың екеуі карантиндік стационарда анықталған, біреуі «Қостанай ‒ Алматы» пойызымен келді. Ауданда олармен байланыста болған барлық азаматтарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ пациенттердің тұрғылықты жерін және олардың болған жерлерін зарарсыздандыру шаралары қолға алынған. Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Қордай ауданының шекара маңындағы өткізу пункттерінде Қазақстанға кірген барлық азаматтар карантиндік стационарға орналастырылады.