Елордада соңғы тәулікте ешкім коронавирус жұқтырған жоқ - Есмағамбетова
Елордада соңғы тәулікте ешкім коронавирус жұқтырған жоқ - Есмағамбетова
© сурет интернеттен алынды
2,272
оқылды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин шараларының тиімділігі туралы баяндады. «Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген карантин шаралары нәтижелілігін көрсетіп отыр. Нұр-Сұлтанда мәселен 28 наурыздан бастап жұқтырғандардың саны азайып келеді. Сол тұстан 5 сәуірге дейін жұқтыру деңгейі 60 жағдайдан 0-ге дейін азайды», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша Алматыда да коронавирус жұқтырғандардың саны күніне 15-тен 6-ға дейін азайған. «Республика бойынша жұқтыру өсімі 10-11 пайыздан аспайды. Алайда Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында коронавирусты жұқтырудың өсімі байқалады. Яғни ол өңірлерде қосымша шектеу шараларын енгізу керек», - дейді ол.