Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір медициналық қызметкер ауыр халде жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67 адам коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», - Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің айтуынша, оларға әлі төлем жүргізілмеген. Әйтсе де дәрігерлерде әлеуметтік төлем жүргізудің құқықтық-нормативтік құжатының жобасы жасалып қойған.