3 сәуірде Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің жанындағы қоқыс контейнерінен бір айға толмаған жаңа туған нәресте табылды. 6 сәуірде полиция сәбидің 22 .астағы анасын тапты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қызды жедел жәрдем бригадасы тексеруден өткізді. Дәрігерлер оның денесінен жарақат белгілерін таппады.
Полиция департаментінің басшылығы көкек ананы анықтау үшін криминалды полицияның және жергілікті полиция қызметінің ең тәжірибелі мүшелерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық құрамы бағыт-бағдар алды. 6 сәуірде облыстық криминалдық полициясы, Қарағанды қалалық полиция бөлімі және Октябрь аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе өткізген іс-шараның нәтижесінде жаңа туған баланың 22 жастағы анасын анықтады, -деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3, 99-баптың, 1-бөлігі, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.