Коронавирусқа шалдыққан жұлдыздардың қатары көбеюде
Коронавирусқа шалдыққан жұлдыздардың қатары көбеюде
© Сурет интернеттен алынды
230
оқылды
Бүгінгі таңда жер бетіндегі ең қауіпті вирустың бірі – COVID-19. Бұл дерттен жасы үлкені мен кішісі де, танымалы мен қарапайымы да құтыла алмайтынын көрсетті. Себебі, дәл қазір мыңдаған адам өлім мен өмірдің арасында күресіп жатыр.   [caption id="attachment_33595" align="alignnone" width="1024"]звезды © Суре интернеттен алынды[/caption]

Жер бетінің 208 елін жайлаған індет 1 млн 275 мың адамға жұққан. Оның 69,5 мыңы қаза болды.

Вирус жаппай таралып кетпес үшін барлық мемлекет карантин жариялап, шекараларын жауып, әуе және теміржол жолдарының қатынасын тоқтатуда. Ауа арқылы таралатын вирус ел алдында жүрген, белгілі адамдардан да айналып өтпеді. [caption id="attachment_33582" align="alignright" width="531"]Супруги Софи и Джастин Трюдо © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Атап айтар болсақ, Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдоның келіншегі Софидан инфекция табылды. Дерттің бастапқы деңгейі болғандықтан, үрейленетіндей дәнеге жоқ.
Оның үстіне, оқшаулануған София қазір дәрігерлердің айтқан емін қабылдап жатыр. Сонымен бірге Премьер-министр де екі жұмадай оқшаулануда болады екен. Қызметкерлерінің айтуынша, онда аурудың ешқандай белгісі байқамалған. Ал вирустың бар-жоғын анықтайтын тестті тапсыруды әлі жоспарламағанын жеткізді. [caption id="attachment_33584" align="alignnone" width="1024"]бегония гомес © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Тағы бір осындай ерлі-зайыпты мемлекеттік резиденцияда оқшаулануда. Испанияның Премьер-министрі Педро Санчестің де келіншегінен коронавирустық инфекция табылған. Бегония Гомес бұған дейін көпшіліктің жиналуына тыйым салынғанына қарамастан Мадридта өткен әйелдер құқығына қатысты наразылыққа қатысқан. 8 наурызда болған оқиғада жүріп, вирусты сол жерден жұқтырып алуы да мүмкін. Қазір Бегония Гоместің хал-жағдайы жақсы.
[caption id="attachment_33585" align="alignleft" width="577"]Микель Артета ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Ағылшындық «Арсенал» футбол клубының бас бапкері Микель Артета да осы дертке шалдыққандардың бірі. Ол өзін жайсыз сезінген күні бірден дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Енді жұмысқа тек солардың рұқсатымен шығатынын мәлімдеді. Осыған байланысты Лондондық клуб та «Артетамен соңғы уақытта араласқан адамның барлығы оқшауланатынын» хабардар етті. [caption id="attachment_33586" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Variety басылымының жариялауынша, Universal Music Group корпорациясы басшысының коронавирусқа тапсырған тесті оң болып шыққан. Лучиан Грейндждің өзі бұл жайында әлі ешқадай мәлімдеме жасамады.  [caption id="attachment_33587" align="alignleft" width="437"]актриса © Сурет интернеттен алынды[/caption] Әлемнің ең ірі дыбысжазу корпарациясының атқарушы директорының сырқаты Лос-Анджелестегі Калифорниялық университеттің медициналық орталығына жеткізілгенде білген. Бүгінде ол дәрігерлердің бақылауында. Ал украиналық актриса Ольга Куриленко коронавирус диагнозымен үйде отырғанын жасырып та отырған жоқ. «Ауырғаныма бір жұмадай болып қалды. Негізінен бойымда әлсіздік пен ыстығым бар. Абайлап жүріңіздер, бұл ойнайтын нәрсе емес» деп Instagram парақшасында ағынан жарылған. Алайда бір жұмадан кейін жөтелден басқа вирустың белгілері жоғын айтып шықты. Rammstein тобының солисті Тилль Линдеманн осы диагнозбен тіпті Берлиндегі ауруханалардың біріне түскен.  [caption id="attachment_33588" align="alignnone" width="1024"]Тилль Линдеманн © Сурет интернеттен алынды.[/caption] 57 жастағы артисттің жағдайы өте ауыр екен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басында пневмониямен түскен әншінің диагнозы коронавирус болып шыққан. Әуелде ол дерігерге ыстығының түспей жатқанына шығамданыпты. [caption id="attachment_33591" align="alignright" width="538"]Иванна Сахно © Сурет интернеттен алынды[/caption] Украинада туғаны болмаса, голливудтық актриса Иванна Сахно 22 жасында коронавирусты жұқтырған. Бұл жайында актриса әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялаған еді. «Біздің міндет – үйде отыру. Сонда ғана біз жақындарымызды сақтай аламыз. Сырқатты болу-болмауына қарамастан әрқайсысынан өтінерім – осы» деп халыққа өтінішін жолдаған. Осындай үндеуді америкалық актер Дэниэл Дэ Ким де жариялады. Оңтүстік Кореяда туған актер «Остаться в живых» телехикаяның жарық жұлдызы. «Кеше ғана маған COVID-19 диагнозі қойылды. Бұл өлім деген сөз емес. Қазір дәрігерлердің қадағалауындамын, менде бәрі жақсы. Сіздерге айтарым, өздеріңізді күтіңіздер!» деген видеоүндеу жасады. [caption id="attachment_33592" align="alignnone" width="1024"]Дэниэл Дэ Ким © Сурет интернеттен алынды.[/caption] Шынымен де, бар болайық, аман болайық!