Азық-түлік бағасын көтергендерге 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Азық-түлік бағасын көтергендерге 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
© сурет интернеттен алынды
216
оқылды
Қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағасына қатысты мәселелер бойынша қалалық прокуратураның мобильді тобымен байланысуға болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің реми сайты хабарлады. Қазақстанда 1 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасы енгізілді. Атап айтқанда, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нанның шекті бөлшек бағасы – 150 теңгені, бірінші сортты бидай ұнының келісі – 197 теңгені, өлшемелі кеспе – 230 теңгені, өлшемелі арпа жармасы (дән) – 339 теңгені, өңделген өлшемелі күріш – 307 теңгені, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі) – 2 113 теңгені, тауық жұмыртқасы (ондық, бірінші санат) – 351 теңгені, күнбағыс майы – 481 теңгені, ас тұзы («Экстрадан» басқа) – 55 теңгені құрайды. «Бекітілген баға мөлшерін арттырғаны үшін 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салу туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп хабарлайды қалалық прокуратура. Карантин кезінде туындаған барлық мәселелер бойынша, тауарлар мен дәрі-дәрмектерді алуда алып-сатарлыққа тап болған жағдайда Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының мобильді тобына  8 (7172) 71-24-97, 8-701-999-17-59 номері арқылы хабарласуға болады.