Жамбыл облысында COVID-19 алты жаңа жағдайы анықталды, - деп хабарлады coronavirus2020.kz.
6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жағдайы анықталды. Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.
Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр.