Оралда кеш өткізген блогер 10 тәулікке қамалды
Оралда кеш өткізген блогер 10 тәулікке қамалды
© сурет интернеттен алынды
309
оқылды
Оралда кеш өткізіп, көңіл көтерген блогер Айдын Түсіпов 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды БҚО сотының баспасөз қызметі. Карантинге қарамастан, төтенше жағдай талабын бұзған алматылық блогер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы 6-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Сонымен қатар оның екі досы мен мейрамхана иесіне де осындай шара қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі нақтылағанындай, блогер мен оның достары Ресейден Қазақстан аумағына 31 наурыз күні Тасқала ауданы арқылы өткен. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық блогердің Оралда карантинге қарамастан, кеш өткізгенін, блокпостты айналып, қашқан жүргізушінің ұсталғанын жазған болатынбыз.