«Соңғы бірнеше күнде жұмыс тоқтаған болатын. Бұл іске белсенді достарымыздың қосылуының арқасында, Алматыда саны 1 000-ға жуық 80-нен асқан қарттарға да көмектесуді қолға алдық. Арнайы әзірленген топ нұсқаулық пен қатаң санитарлық нормаларды ұстанудың жеке жауапкершілігі туралы келісімшартқа қол қойды. Көмек беруді ұйымдастырудың сапасын бақылау үшін арнайы қызмет құрылды. Олардың бәрі іске кірісер алдында мұқият тексеріліп, залалсыздандырылады. Жұмысшылар санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес арнайы қорғаныш костюмімен, көзілдірік, қолғап және бетпердемен қамтамасыз етілген» деп атап өтті республикалық Nomad ММА федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.Айта кетейік, іс-шара кезінде ұйымдастырушылардың барлық қорғаныс санитарлық нормаларын сақтауына ерекше көңіл бөлінген.
Гүлнар ТӘЖИЕВА