Түркістан қалай күресіп жатыр?

Түркістан қалай күресіп жатыр?

Қазіргі таңда эпиде­миологиялық жағдай бо­йын­ша, Түркістан облысы ау­ма­­ғында коронавирус инфек­циясын жұқтырған нау­қастар арнайы орталық­тар­ға жатқызылып, тиісті ша­ралар қабылдануда. Атап айт­қанда, Түркістан об­лы­сы осы кезге дейін бір­де-бір адам індетпен тіркел­меген облыстың бірі еді, алай­да өткен аптаның ба­сында алғашқы болып жетісай­лық азаматтың корона­ви­рус жұқтырғаны анық­тал­­­ды. Бүгінде өңірде ко­ро­­­­на­вирусты жұқтырған­дар­­дың жалпы саны – 28 адам. Өкінішке қарай, облыстағы індет ең көп таралған Жетісай қаласының 1956 жылғы зей­нет­кер азаматы қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Коронавирус не­гізінде пневмониямен ауыр­ған. Гипертония, қант диа­беті се­кілді қосалқы ауруы бол­ған. Аза­мат 15 наурызда Ал­маты қала­сынан келгенін жасы­рып, үйін­де өз бетінше ем­дел­ген. Сақ­тық шараларын еселей түсу­ді қолға алған об­лыс әкімі Өмір­зақ Шөкеев коро­навирус інде­тін жұқ­тыр­ған азамат­тардың Түркістан облы­сында тіркелуіне орай өңір тұрғын­дарына шұғыл үндеу жа­риялады. Үндеуде COVID-19 вирусының таралуына бай­ла­нысты облыста қауіпсіздік ша­расы күшейтілгенін жеткізді. Бүгінде инфекция табылған Әбдіхалық ауылы мен Жетісай қаласындағы шағынауданда карантин жарияланды. Жетісай ауданына дезинфекция, денсау­лық сақтау, әлеуметтік қор­ғау саласынан арнайы маман­дар­дан құрылған мобильді топ жа­сақтап, жіберілді. Атап айт­қанда, инфекционист және реани­матологтен құралған 6 бригада Жетісайға аттанды. Облыстың бас инфекционист дәрігері ауданда осы шараларға басшылық етеді. Керекті төсек-орын, госпиталь толық дайын. Облыс әкімінің тапсырма­сымен, облысқа кіріп-шы­ғат­ын шекаралық бекеттің бар­лығына 76 блок-бекет қойды. Сондай-ақ полиция Төтенше жағдай департаментімен, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті, про­куратура, денсаулық сақтау саласымен бірлесе отырып, шұғыл түрде карантин жария­ланған елді мекендерді қатаң қадағалауда. Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар заң аясында жауапқа тартылады. Мекемелер мен бизнес және сауда орталықтары сынды басқа да халыққа қызмет көрсететін жерлер қатаң бақылауға алынып, санитарлық талапқа сай жұмыс істеу керегі қатаң назарға алын­ды. Сонымен қатар облыста адам­дар көп шоғырланатын орын­дар, жиын-той өткізу толық шектелген.  

Талапты бұзғандар жауапқа тартылуда

Облыс бойынша дезинфекция орталығының мамандары ау­дан­дағы залалсыздандыру жұ­мыстарымен айналысатын қыз­меткерлерге онлайн режимде дезинфекция жұмысының нұс­қаулықтарымен таныстырған. Орталықтың өкілі Индира Әубәкірованың айтуынша, қазір онда 109 маман бар, аудандағы өзге де мамандар білікті болып, залалсыздандыру жұмыстарын сапалы атқаруы қажет. Жалпы, облыс бойынша ко­ронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек-орын дайын. Пандемиялық індетке ұқсас бел­гілері бар науқастарды жат­қызып, диагноздарын анық­тау мақсатында 510 төсек-орын­ға провизорлық госпи­таль қарастырылған. Одан бөлек, бар­лық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайын. Қарым-қатынаста бол­ғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 955 төсек-орынға орталық ашылған. Облыс аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киіп жүруі керек. Дүкендер мен қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынды. Онда арнайы залалсыздандыру құрал­дары орнатылуы тиіс. Тұрғындар үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Отба­сылық мерекелер мен жиын-той өткізуге қатаң тыйым салынған.  

 

6 мыңға жуық азаматқа – 42 500 теңге

 Бүгінгі таңда мемлекеттік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты жұмысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік төлем қарастырылған. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының бас­шысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, бұл төлемге шағын және орта кәсіп субъектілері, жеке жұмыс істейтін азаматтар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар қол жеткізе алады. Қазіргі таңда барлық аудан, қалаларда жұмыс штабы құрылған. Облыста 6 мыңға жуық азаматқа 42 500 теңге төлем тағайындалған. Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматта тәулік бойы қоңырау қабылдауда. 109 Call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан 2 000-нан аса қоңырау қабылдаған.  

Онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды

Түркістан облысында шалғай ауылдарда интернет желісі сапа­сының тиісті деңгейде бол­мауына байланысты онлайн оқыту жүйесі алынып тасталды. Қашықтан білім беру процесі «Балапан», «Еларна», «Оңтүстік» телеарналары, «Қазақ радиосы» және «Қазпошта» АҚ-ның көмегі арқылы жүзеге асырылады. Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың сөзінше, бүгінгі күні білім берудің жаңа жобасына байланысты дайындық жұмысы жүргізілуде. «Қазіргі таңда облыстағы 909 орта білім беру ұйымдарында 488 182 оқушы білім алып ке­леді. Оның 80% ауылдық жер­де оқиды. Үй жағдайында интер­нет желісіне мүмкіндігі бар оқу­шылар саны 124 мың оқушыны құрайды, ал 121 мың оқушының компьютерлік техникасы жоқ. Осы ретте ұстаздар мен оқу­шы­ларды тиісті компьютерлік тех­ни­камен қамтамасыз ету үшін мектептегі 29 мың компью­тер мен ноутбуктер өз жауап­кер­шіліктері негізінде тараты­лып берілді. Жалпы, 9 мыңға жуық оқытушының компью­тер­лік техникасы және 11 мың оқытушыда интернет желісін пайдалану мүмкіндігі жоқ бо­латын», – деді Рақымбек Қуатбекұлы. Жалпы, облыстағы 429 943 оқушы республикалық «Ба­лапан», «Еларна», «Қазақ радио­сы», «Оңтүстік» телеарналары және «Қазпошта» АҚ арқылы қашықтан оқитын болады. Телеарна көруге мүмкіндігі жоқ шалғай елді мекендегі 320-дан астам оқушы «Қазақ радиосы» және «Қазпошта» АҚ көмегін пайдаланады. Ал Арыс қаласындағы 9 мек­теп сабақтарын бұрынғысынша дәстүрлі түрде өте береді. Тауар­лар мен қызметтердің сапасы бөлімінің рұқсаты алынған.  

Құрылыс жұмысы тоқтамайды

Түркістан облысында құ­рылыс нысанындағы жұмыстар жалғаса береді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтің сөзінше, бүгінде Түркістан қаласындағы 35 нысанда 3 261 құрылысшы бір ауысымда жұмыс істейді. «Төтенше жағдайға бай­ланысты облыстың бас сани­тар дәрігері қосымша шек­теу белгіледі. Алайда бұл құры­лыс жұмысына ешқандай кедер­гі келтірмейді. Барлық жұмыс­шыларға іс барысында тиісті сақтық шараларын қатаң түр­де сақтап жүру туралы талап қойылып отыр», – деді Қ.Қайыр­тайұлы. ҰЭМ Табиғи монопо­лия­ларды реттеу комитеті­нің Түркістан облысы бойынша де­парта­менті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағ­дай кезінде тұрғындардың қары­зының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласындағы қызмет­терді көрсету жалғаса береді. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметіне қарызы бар адам­дардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызмет тоқтатыл­майды.  

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы