Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті, - деп хабарлайды elbasy.kz.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтып өтті.
«Медицина қызметкерлерінің келісілген жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз жұмысының тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.
https://www.youtube.com/watch?v=PH3dCOxyX6U&feature=youtu.be&app=desktop