Қазақстанда коронавирустан 50 адам емделіп шықты
Қазақстанда коронавирустан 50 адам емделіп шықты
© inform.kz
149
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 науқас сауығып, ауруханадан шықты, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. ⠀ "Бүгін сағат 14.00 дейін елімізде жалпы 50 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 27, Алматы қаласында – 21, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 1 пациент бар", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда барлығы 685 адам коронавирус жұқтырған.