Нұр-Сұлтанда көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік таратылды
Нұр-Сұлтанда көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік таратылды
187
оқылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында осындай көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың қатарында көп балалы аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және жалғызбасты зейнеткерлер бар. Мұндайда игі шараға қалталы азаматтар қолдау жасаған. Көмек дорбасында күнделікті тұрмысқа қажетті тауардың барлығы дерлік бар. Жалпы карантин кезінде елорда бойынша 5500 отбасы азықпен қамтылған. Алдағы уақытта тағы үш мың жанұяға көмек көрсету көзделіп отыр. Қалалық әкімдікте осындай мұқтаж азаматтардың тізімі бар. Тиісті тауарлар мекенжай бойынша үлестіріледі. Айтпақшы, азық-түлікті волонтерлер үй-үйді аралап, апарып береді. «Біз біргеміз» жобасы аясында 100 волонтер тынбай еңбек етіп жүр. - Жалпы бұлар көлемді түрде жұмыс атқарып жатыр. Әлі де атқарады, карантиннің созылуына байланысты. Ең бірінші осы жаман дертті, бәріміз бірігіп, ел болып, азамат болып, осы жерде әрқайсысы, әсіресе, осы волонтерлеріміз үлкен еңбек жасап жатыр. Сондықтан да біз өз тарапымыздан алғыс айтамыз, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. - Карантин кезінде міне, үйде отырмыз. Жұмыс жоқ. Сыртқа шықпай отырмыз. Осындай көмек көрсетіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз, - деді көп балалы ана Гүлжан Қалбаева.