Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Экономика

Мал саусаң – сүт, жер саусаң – құт

Нұртөре ЖҮСІП
Мамыр 2, 2019
Экономика

Италияда жаңа жыл қарсаңында өлі құстар «жауды»

Жаңа жылда жалпыұлттық карантин енгізіледі

Римде Абай орталығы ашылды

Абайдан «Қара сөздер» деген ғибратқа толы кітап қалған еді. Соны оқитын, кеудесіне тоқитын қазақ қанша? Төртінші сөзінде «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» дейді Абай.

Қазіргі қазақ қоғамына қа­расақ, «қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ» тірлікпен жүрген жандар көп. «Құдай маған ештеңе бермей жатыр, неге мені көрмейді» деп босқа налып, салы суға кетіп жатқандар қаншама. Біржан сал айтқандай, «бай болмақ, кедей болмақ, құдайдан-ды» дегендей, Жаратқан әр пен­десіне тиісті несібесін береді-ау. Бірақ азға алданып, адамдығын малданып, «Құдай береді» деп қарап жатқандар аз емес. Абай сөзін тиісінше тәпсірлесек, «әуелі Құдайға сыйынып» дегені – әрекет қыл дегені емес пе? «Әре­кет түбі – берекет» дейді дана хал­қымыз. «Өз қайратыңа сүйе­ніп» дегені – ақылың мен бі­ліміңе, парасатың мен білі­гіңе сеніп, тағы да іс қыл дегені. «Еңбегіңді сау» деп отыр. «Жатпа, тоқтама, отырма» деген сөз. «Еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды». Осыған терең мән беріп байқайықшы. Қара жер – қасиетті ұғым. Қазақстанда, Құдайға шүкір, игеремін деген адамға жер жетеді. Мың гектарлап демей-ақ қояйық, есігінің алдындағы бес-алты соттық жерін қайратына сүйеніп, игеріп жатқан қанша қазақ бар?!. Жерге қарап, жер шұқығаннан басқа не істей аламыз?!. Міне, көктем де келді. Бізден басқа ағайынның бәрі қимылдап жатыр. Осы Қазақстанды мекен етіп отырған түрік, күрд, әзір­байжан, неміс халқының өкілдері алақандай жердің өзінен қаншама өнім алады. Ерте пісетін көкөніс дақылдарын елден бұрын егеді; артылғанын базарға шығарады, қалғаны өздерінің отбасына мейлінше жетеді; «жұмыссызбын, өкімет маған неге қарайлас­пайды» деп отырған жоқ. Тым болмағанда ішіп-жемі отбасын асырауға еркін жетеді. Қасиетіңнен айналайын, қара жер – шын мәнінде асыраушы ана­мыз ғой! Осыны әлі күнге жөн­­деп ұғынбай келеміз. Мына Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиёев билік басына келген бетте «Ауылдың әр тұр­ғыны – кәсіпкер» деген бағ­дарлама ұсынды. «Ауылда тұра­тын әр отбасы кемінде 10-15 тауық ұстасын» деді. Соның ар­қа­сында қазір Өзбекстанға құс фабрикасын салудың қажеті болмай қалды. Жеміс-көкөніс нарығында өзбек елі алға шығып кетті: өрік дәнін Италияға, кеп­кен өрік пен арахисті Чехияға, машты Малайзия мен Вьетнамға, шие мен піскен өрікті Сингапур­ға, грек жаңғағын Ливанға экс­порт­тап отыр. Қазақстандағы қай базарға барсаңыз да, кепкен өрік, мейіз, жаңғақ, жеміс дәнектерін сатып отырған өзбектерді көресіз. Қайрат қыла алмай, еңбек сауа алмай, қара жерді ұқсата ал­май біз отырмыз. Мал саусаң – сүт, жер саусаң – құт! Игілікті Құдай беріп отыр ғой! Ендігі «қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ» тірлігімізге не жорық? 

 
ID: 0
Тегтер: Абайдың қара сөздеріВьетнамИталияМалайзияӨзбекстанның президенті Шавкат МирзиёевЧехия
Алдыңғы жаңалық

Көтере алмас шоқпарды белге байлап…

Келесі жаңалық

Шәркей демеңіз, табысы шаш етектен

Ұқсас жаңалықтар

дағдарыс
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Қазақстан әлемдік дағдарыстарды қалай еңсерді?

Сәуір 16, 2021
статистика
Экономика

Статистика бір бөлек, шынайы жағдай бір бөлек

Сәуір 16, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіпкер, әлеуметтік мәселе,
Жаңалықтар

Президент елдегі әлеуметтік ахуалды жақсарту туралы жиын өткізді

Сәуір 15, 2021
доллар, қаржы, АҚШ доллары,
Жаңалықтар

Доллар арзандады

Сәуір 15, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 17:31

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 17:21

Басты нысан – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Сәуір 16, 17:14

Жітіқарада туыстарын алдап, олардың атына алты онлайн несие рәсімдеген ер адам 4 жылға сотталды

Сәуір 16, 16:58

Шымкенттің бас дәрігері инфекциялық ауруханадағы жағдайды көрсетті

Сәуір 16, 16:32

NIS оқушысы АҚШ-тың 5 университетінің шәкіртақысын ұтып алды

Сәуір 16, 15:58

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Сәуір 16, 15:56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы

Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары Қайрат Нұртасқа шағым түсірді

Сәуір 16, 2021
такси

Рамазан айында жамбылдық таксилер тұрғындарды тегін тасуда

Сәуір 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»