COVID– 19: Індетке шалдыққандар саны 704-ке жетті
COVID– 19: Індетке шалдыққандар саны 704-ке жетті
Фото: Интернеттен алынды
229
оқылды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi. Қызылорда облысында –  3 адам, Атырау облысында –  4 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында –  55 адам, Ақмола облысында –  42 адам, Атырау облысы –  36 адам, Жамбыл облысында –  45 адам, Шымкент қаласында –  20 адам, Шығыс Қазақстан облысында –  6 адам, Алматы облысында –  10 адам, Ақтөбе облысында –  11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  25 адам, Павлодар облысында –  1 адам, Маңғыстау облысында –  5 адам, Қызылорда облысында –  69 адам, Батыс Қазақстан облысында –  2 адам, Түркістан облысында –  33 адам, Қостанай облысында –  3 адам, жалпы 704 науқас тіркелді.