Өткен 3 айда Қазақстанда дүниеге келген 8 сәбиге Қасым-Жомарт есімі берілген.
Ал былтыр Президентпен аттас 19 бала тіркелген, – деп жазады 24.kz.
Әділет министрлігінің мәліметінше, бір жарым жылда барлығы 27 сәби Қасым-Жомарт атанған.
Айта кетейік, 2019 жылы 41 балаға Нұрсұлтан есімі берілген еді. Қазір қоғамда балаға ерекше ат қою сәнге айналып барады.
Екі есімді біріктіріп қоятындар да кездеседі.
Атап айтқанда, Бауыржанмомыш, НұрАбиНаз, Ева-Арабелла, Бобырбек, ДильноЗалидия, Жанымсол, Зидан, Диего Марадонна, Лионель Месси деген есімдер де бар.