Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 8-9 сәуір күндері түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады.
Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 8 сәуірде түнде екпіні 25 м/с жетеді.
9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте плюс 3 градусқа дейін күрт төмендейді.
9-10 сәуірде Түркістан қаласында түнгі ауа температурасы минус 0-2 градусқа дейін суытады.
8-9 сәуірде Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
9-10 сәуір түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.