– Елбасының Қазақстан халқына жасаған үндеуін мұқият оқып шықтым. Өз басым, Нұрсұлтан Әбішұлының жағдайға алаңдаушылығын, дағдарысты еңсеруге арналған ұсыныстарын толықтай бөлісемін. Бастысы біздің негізіміз – бірлікте. Оның үстіне, бүгінгі елімізге түскен қиын жағдай өзге елдер де өткеріп жатыр. Бұл бәрімізге үлкен – сын. Міне, осындай сәтте Елбасы халқымен бірге екенін көрсетті. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласында «бірлік бар жерде – тірліктің барын» жеткізді. Шынымен де, жас та болсақ, тынымсыз еңбектің арқасында біз барлық бағытты дамыттық. Иә, қазір короновирус дерті әлемді шарлап кетті. Жаһандану процесінен біз құтыла алмаймыз. Себебі, бұл айналымға бүкіл әлем еніп кетті. Сондықтан Елбасы айтқандай, халқымыздың ауызбіршілігі кетпесін. Маңыздысы мемлекетімізді тұрақсыз ететін дүрбелеңді басып, жалған ақпараттың тарауымен күресу керек. Сонымен қатар, Елбасы елімізді сабырға шақыратын, елдігімізді сақтауда бас қосу керегін жеткізді. Шынында да ұнжырғамызды түсірмей, еңсеміздің көтеріп, қазақтың басынан өтетін бұл да бір кезең екенін еске салғаны дұрыс.