Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында енгізілген шектеу шараларының сақталуына мониторинг жүргізді. Іс-шара барысында комиссия мүшелері Шымкенттегі бірқатар көшені, аялдамалар мен сауда орталықтарын тексерді.
Партиялықтар қаладағы Жібек жолы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілерінің карантин талаптарын қаншалықты орындап жатқанын бақылап көрді. Нәтижесінде бірқатар жүргізуші үйлеріне кері қайтарылды.
Өңірдегі барлық азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты сағат 10.00-21.00 аралығына ауыстырылды. Алайда Күншығыс ықшамауданында екі азық-түлік дүкені жұмыс орнын сағат 10.00 болмай ашып, сауда жасағаны анықталды. Дүкен иелеріне төтенше жағдай режимін толық орындау бойынша қатаң ескерту жасалды.