6 сәуірде Целиноград ауданының 1929 жылғы тұрғыны қайтыс болды , - деп хабарлады Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы.
"Оның алдында қайтыс болған 1947 жылғы туған ер адам науқаспен байланыста болған. Короновирус инфекциясы диагнозы 7 сәуірде өлікті сою нәтижесінде нақтыланды", - делінген хабарламада.
Науқас артериялық гипертензия, ортан жіліктің мойынының сынығы (2016 жылдан бастап), ДЭП синдромы, Паркинсионизма, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия кернеу, созылмалы бронхит диагноздарымен тiркеуде болған.