Тоқаев нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды
Тоқаев нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды
© sputniknews.kz
171
оқылды
Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.
Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіз болып табылды.