Сол жерде 1922 жылы дүниеге келген Кеңес Одағының батыры Сейтхан Темірбаев Қызыр Армияға 1941 жылы шақырылған. Сөйтіп, Харьковты қорғау шайқасына қатысқан ол, дұшпандардың басымдығының кесірінен кезекті жауынгерлік тапсырмасын орындауда Харьков түбінде қатты жарақаттанған. Айыққан соң жаяу әскерлер училищесіне жіберілген. Оны бітіргеннен кейін Сталинград шайқасына қатысты.
Темірбаевтың мәлімдеуінше, сол кезде Совет офицері ретінде зводты, ротаны басқарған. Жаппай шабуыл шебіне ілескен оның әскери бөлімшесі Домбасты, Одессаны жаудан тазартып, Белоруссия мен Польшаны азат етуге белсене атсалысқан.
«Бұдан 26 жыл бұрын, 28 февральда біз Одерден өуге тиісті 230-шы атқыштар дивизиясының құрамында едік. Мен басқарған рота өзеннің арғы бетіне бекініп, қалған әскердің өтуіне жол ашуға тиісті болды. Рота тапсырманы бұлжытпай орындады. Онан әрі – март, апрель. Кюстрин ауданы, Зелевск биігі, ұрыс, шайқас, шабуыл да шабуыл. Жауынгерлердің рухы тіптен көтерілді. Ұрыс жау үңгірі болған Берлиннің түбіндегі мекенді қоныстарда жүргізді.