Түркістан облысында жауын-шашын мен қардың салдарынан аудандарда жарық өшіп қалды. Қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен елді мекендерді кезегімен электр жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сарыағаш аудандық әкімдігінің мәліметінше, 8-9 сәуір аралығында болған қатты нөсердің әсерінен Сарыағаш қаласы мен 7 ауылдық округте ағаштар құлаған. Электр сымдары үзіліп, 27 213 абонент жарықсыз қалды. Жарықты қалпына келтіру мақсатында аудандық электр жүйесі тарапынан 7 бригада мен 7 техника жұмылдырылып, электр желілерін қосу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, табиғи газ құбырлары да зақымданып, кейбір елді мекендерде табиғи газ беру уақытша тоқтатылған. Жергілікті билік көп ұзамай бәрі қалпына келетінін жеткізді.