Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1956 жылы дүниеге келген.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 сәуірдің 09:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 адам тiркелді.
Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам, Қызылорда облысында – 4 адам, Атырау облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 4 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қарағанды облысында – 4 адам, Нұр– Сұлтан қаласында – 1 адам.
Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.
Осы сағатта Нұр– Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 122 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 45 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 3 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 104 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 802 науқас тіркелді.