Түркістанда 8 мың гектар аумаққа ағаш егілді. Соның ішінде алма мен алмұрт, өрік пен шие көшеттері отырғызылды.
Жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы кеңейіп келеді. Қазір көне шаһар жасыл қалаға айналып келеді. Қаланы бау-бақшаға бөлеуге бағбандар атсалысып жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Дәл осы мақсатта қала 32 секторға бөлінген болатын. Әрқайсысы бойынша аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары жауапты.