Президент Үкіметке азаматтар үйден шықпай-ақ мемкөмек алатын тетік әзірлеуді тапсырды
Президент Үкіметке азаматтар үйден шықпай-ақ мемкөмек алатын тетік әзірлеуді тапсырды
© inform.kz
177
оқылды
Үкімет шұғыл арада азаматтар үйден шықпай-ақ мемлекеттік көмек алатын тетік әзірлеу қажет. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Табыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Оларға төтенше жағдай кезеңінде 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалған. Әлеуметтік жардемақы алуға қазірдің өзінде 1,7 млн адам, олардың басым бөлігі электронды түрде жүгінді. Бұған қоса, әлеуметтік көмек беру тетіктерінің дайындығына кемшілік бар екендігін айту керек, Ведомствоның жедел шешімдері мен жеке араласқаннан кейін ғана қабылдана бастады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тарапынан да түсіндіру жұмыстары тиімсіздігін көрсетті», - деді Мемлекет басшысы. Президенттің атап өтуінше, дәл осы жайт азаматтардың арасында түсінбеушілікке, әртүрлі қабылдауға, жергілікті жерлердегі тәртіпсіздікке себеп болды. «Адамдар өздерін тәуекелге ұшырата отырып, есепшот ашу немесе бірыңғай әлеуметтік төлем төлеу үшін банкке кезекке тұрды. Сондықтан Үкіметке жедел түрде әрбір азамат үйден шықпай-ақ мемлекеттен көмек ала алатын қадамдық тетіктерді әзірлеуі және оны барлық БАҚ пен әлеуметтік желіде таратуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.