Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері індетке шалдыққан пациенттер толығымен жазылып шығады деп болжап отыр. Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
"Біз медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңін пысықтадық. Инфекциялық стационарларда жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр хәлдегі пациенттер үшін қажетті бөлімшелер құрылды. Сол себепті болжам бойынша, қалада вирусқа шалдығудың шыңы тіркелгенімен, соңында барлық пациент сауығып шығуы тиіс деп күтіп отырмыз. Басқа болжам жоспарлап отырған жоқпыз", -деді Қисықова онлайн-брифингте.
Айта кетсек, республикада 802 адамда коронавирус диагнозы расталды. Оның 226-сы Нұр-Сұлтан қаласыда тіркеліп отыр.
Астанада қауіпті вирустан 30 адам айығып шықты, бір адам қайтыс болды.
Қазақстанда көз жұмғандар саны – 9.