Алматыда бір тәулікте екінші қайғылы жағдай тіркелді
Алматыда бір тәулікте екінші қайғылы жағдай тіркелді
Фото ашық дереккөзден алынды
2,229
оқылды
Алматыда covid-19 дертінен тағы бір адам көз жұмды. Өкінішке қарай, бұл шаһарда айналасы бір тәуліктің ішінде болып отырған екінші қайғылы жағдай. Марқұм жергілікті қала тұрғынымен байланыста болған 1963 жылы туған пациент. 29 наурызда медициналық жедел жәрдем бригадасы оны «Екі жақты полисегментарлы пневмония» диагнозымен коронавирустық инфекцияға талдау алынған стационарға жеткізді. 1 сәуірде пациенттің жай-күйінің нашарлауына байланысты ӨЖЖ аппаратына қосылды. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жедел тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және жіті бауыр жетіспеушілігінің дамуымен жағдайы нашарлай түсті. Пациенттің анамнезінде, сондай-ақ 2 сатылы қант диабеті болған. «Бүгін 10 сәуірде сағат 18:00-де полиоргандық жетіспеушіліктің үдеуі аясында жүрек қызметі тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды» деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Марқұммен байланыста болған адамдардың барлығы провизорлық стационарға карантинге орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 23:20-да Алматыда коронавирус індетінен 1956 жылы дүниеге келген әйел көз жұмған болатын.

Гүлнар ТӘЖИЕВА