Табиғи газ берілді
Табиғи газ берілді
441
оқылды
Алматы облысын газдандыруда үлкен іс атқарып жүр­ген, қайырымдылығымен, меценаттығымен жұртқа жақсы танымал азамат, «Тәуекел Газ Құбыры» ЖШС бас­шысы, Алматы облыстық мәслихат депутаты Данияр Нұрбаев Жамбыл аудандағы 25 тұрмысы төмен және көпба­лалы отбасына көмек жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін нақты іспен қолдаған кәсіпкер жер­гілікті атқарушы органның есе­бінде тұрған көмекке мұқтаж жан­дарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қапшығын таратты. Олардың біразы Ұзынағаш ауы­­лы­ның тұрғындары және аталған меке­меде жұмыс істейтін тұр­мысы тө­мен қызметкерлер.
 – Бүкіл әлемді әбігерге сал­ған індет бірінші кезекте халық­тың әлжуаз топтарына салмақ салды. Елімізде қолға алынған #BizBirgemiz акциясына еліміздің белгілі азаматтары атсалысуда. Осындай қиын шақта мен де жұртыма қолдан келгенше демеу болсам деген ниеттемін. Мұның алдында Талғар ауданындағы 30 тұрмысы төмен және көпбалалы отбасына көмек көрсеттік, – дейді «Тәуекел Газ Құбыры» ЖШС қожайыны Данияр Молдиярұлы.
Кеңсесі Ұзынағаш ауылында орналасқан аталған жекеменшік кәсіпорын өңірдің Жамбыл және Талғар ауданындағы елді мекендеріне табиғи газ құбырын жүргізіп, тұрғындарға көгілдір отын жеткізеді.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы