Қазалыдағы коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Сұлтаннан келген
Қазалыдағы коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Сұлтаннан келген
© Сурет ғаламтордан
213
оқылды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 11 жағдай туралы ақпарат жариялады. Деректер 11.04.2020 жылғы мәліметке сәйкес. Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді. Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді 11.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 116 адам анықталды.