Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қытайлық миллиардер және Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Маға Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Мен әлемге әйгілі кәсіпкер және халқымыздың жақсы досы Джек Ма мырзаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол шын мәнінде, өте күрделі жағдайларда ынтымақтастықтың өте маңызды екенін көрсетті. Біз бірге міндетті түрде барлығын жеңеміз», – деді Тоқаев.
Айта кетейік, 10 сәуірде Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және Alibaba қорынан көмек келген болатын.
Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.