Алматыда бір адамды 8 мың теңгеге облысқа өткізген такси жүргізушілерінің қулығы әшкере болды
Алматыда бір адамды 8 мың теңгеге облысқа өткізген такси жүргізушілерінің қулығы әшкере болды
Фото: Интернеттен алынды
198
оқылды
Алматы полициясы жолаушыларды карантин аймағынан облысқа заңсыз тасымалдап жүрген такси жүргізушілерін анықтады. Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай заңбұзушылықпен Алматы және Алматы облысының шекарасында орналасқан екі үйдің тұрғындары айналысқан. Олар азаматтарды қаладан облысқа және кері тасымалдау схемасын жасаған.
«Олар такси жүргізушілерінің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі жаяу жүріп, ауладан өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді. Жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрады және ол клиентті діттеген жеріне жеткізді. Жүргізушілер Талғарға жеткізгені үшін 8 мың теңге алған. Ал екі көрші бір адамды бір бағытқа өткізгені үшін 3 мың теңгеден алып отырған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Өткен түнде каратин талаптарын бұзған барлық адам ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.