Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған əуежайына бортында 128 қазақстандық азамат бар ұшақ келіп қонады.
Шаржа – Талдықорған бағытындағы авиақатынасты еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады.
Облыс орталығының əуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдауда. Əуе қатынасының қызметкерлері обаға қарсы костюмдермен қамтамасыз етіледі. Жолаушылардың барлығы бортта бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтеді, олардың дене қызуы тепловизормен өлшенеді.
«Келген жолаушылармен неғұрлым аз байланыс жасауды қамтамасыз ететін алгоритм дайындалды. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес əуежай қызметкерлерінің, санитарлық дəрігерлердің жəне осы операцияға тартылған басқа да азаматтардың əрекеттерінің əр қадамы хатталып, ерекше бақыланады. Елге оралған қазақстандықтар автобуспен карантинге жатқызылатын орынға жеткізіледі. Олардың бəрі коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Жолаушылардың барлық жүгі мен жеке заттары дезинфекция құралдарымен тазартылады. Келген азаматтардың карантин режимін сақтауын құқық қорғау органдары бақылайды», – деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметі.
Олар – сол жақта тұрып, жұмыс істеген немесе түрлі жағдайларға байланысты сол жақта қалып қойған Қазақстан азаматтары.
«Бұл рейстің қонуы мен оны қабылдау Республикалық штабпен келісілген жəне оны орындау, сондай-ақ келген жолаушылар мен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - біздің азаматтық парызымыз», – деп қорытындылады ведомстводан. Карантин уақыты біткеннен кейін ғана жолаушылар тұрғылықты жеріне жөнелтіледі.