COVID-19: Науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмысқа қалай кірісетінін көрсетті
COVID-19: Науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмысқа қалай кірісетінін көрсетті
178
оқылды
COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлер жұмысқа қалай жабдықталып шығатынын көрсетті. Сoronavirus2020 Telegram парақшасында жарияланған роликте қазақстандық дәрігерлер коронавирустан қорғану үшін ауысым алдында қандай қорғаныш киімі мен жабдықтарды киіп жұмысқа кірісетінін көрсетілген. Киімдердің бәрі де бір реттік. Дәрігерлер ең алдымен арнайы комбинезон киеді. Осыдан кейін барынша қорғап тұратын маска киіледі. Артынша қорғаныш көзілдірігі тағылады. Вирустан сақтану үшін сонымен қатар ұзын бахила мен резеңке етік кию керек. Қолға қорғаушы қолғап киіледі. Экипировканың уақыты шамамен 5-7 минутқа созылады. Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүкіл еліміз бойынша коронавируспен күресіп жүрген 30 мыңнан астам дәрігер үстемеақы алатынын хабарлаған еді. Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді қаржылық тұрғыда қолдауды ұйымдастырып, қосымша ақыны бөліп беру мақсатында облыстардағы жергілікті атқарушы органдар тиісті комиссияны құрды. Айта кетсек бүгін таңертеңгі жағдай бойынша елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам анықталып, жалпы 880 науқас тiркеліп отыр. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=yCaxnYdgUeA&feature=emb_logo