Аудандарды аралады
Аудандарды  аралады
264
оқылды

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Байділдә Жылқышиев, Мұхтар Ерман, Шавхат Өтемісов Бәйдібек ауданына іссапармен келді.

Елордадан келген жұмыс тобын ауданға Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов бастап барды. Халық қа­лаулылары аудандағы жеке кәсіп­керлермен, шаруа қожалық­тарының төрағаларымен және студент жастармен кездесті.

Іссапар аясында Мәжіліс депутаттары Н.Сәбилянов, М.Ерман, Ш.Өтемісов және Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов Отырар ауданында болды. Бірнеше күннен бері об­лыстың аудандарын аралап, тұр­ғын­дармен жүздесіп, ауыл-аймақ­тың тыныс-тіршілігімен етене та­нысып жүрген халық қа­лау­лы­ларын ауданның бас қақ­пасы саналатын Шілік ауылынан аудан әкімі Ерлан Айтақановтың өзі күтіп алды.

Мәжіліс депутаттары алдымен Шілік, Қарақоңыр және Шәуілдір ауыл округтерінің тұрғындарымен жүздесіп, арнайы жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Ерлан Қуа­ныш­ұлы ашып, жүргізіп отырды. Келелі жиында сөз алған Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман, Нұртай Сәбилянов, Шавхат Өте­місовтер Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңадан қабылда­нып жатқан заң жобалары жөнінде тұрғындарға жан-жақты түсінік беріп, көп­ші­лік­пен ашық-жарқын пікір ал­мас­ты. Халық қалаулылары жиынға қатысушылардың ұсы­ныс-пікірін тыңдап, өзекті деген мә­селені өздерінің назарында ұстай­тынын айтты. Елбасы Н.Назарбаевтың Nur Otan партиясының ХVIII съе­зінде айтқан тапсыр­малары бойын­ша тұрғындарды баспа­намен қамту, жалақы мен жәр­демақыны ұлғайту, еліміздегі білім, денсаулық салала­рын одан ары дамыту, көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету, қоғам­дағы жұмыссыздықты азайту мәселесіне ерекше тоқталған депутаттар, бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік пен толағай табыс болатынын ерекше атап өтті.

Кездесу жиынын қорытын­дылаған аудан әкімі Ерлан Айта­ха­нов Елбасы берген тап­сырма­ла­рының ауданда кезең-кезеңімен орындалып жатқанын нақты мы­сал­дармен келтіріп, арнайы ісса­пар­­мен келген Мәжіліс депутат­та­ры­на мәнді де мағыналы әңгімесі үшін көпшілік атынан алғыс біл­дірді.

Сапар барысында Отырар ар­хео­логиялық-қорық мұра­жайын­дағы тарихи құнды жәді­гер­лермен танысқан халық қалау­лылары Арыстанбаб кесенесіне барып, зиярат етті. Шара қоры­тын­дысына сай, Мәжіліс депутат­тарына аудан басшысы киелі өлкенің тарихынан сыр шертетін тарихи еңбектерді табыстады.

Түркістан облысы