«Алматыда тест нәтижесі басқа біреумен ауысып кеткен» – Дәрігерлердің коронавирусқа шалдыққан себебі айтылды (видео)
«Алматыда тест нәтижесі басқа біреумен ауысып кеткен» – Дәрігерлердің коронавирусқа шалдыққан себебі айтылды (видео)
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров алматылық дәрігерлердің коронавирус тестілеуіне қатысты наразылығы бойынша пікір білдірді. Вице-министр Facebook-тағы парақшасында: «Өкінішке қарай, бүгін әлеуметтік желіде тараған әріптестерімнің видеосы көпшілікті қайран қалдырды. Министр осыған байланысты Алматыда іссапарда жүрген маған дәрігерлермен кездесіп, мәселені объективті түрде шешуді тапсырды. Кездестім, сөйлестім. Жағдай мынадай: Дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін министрлік оларды жиі-жиі коронавирусқа тестілеуден өткізу жөнінде шешім қабылдаған. Алайда бүгін кездейсоқ жағдай орын алып, екі дәрігердің аты-жөні бірдей болып шықты. Оның үстіне базада екеуі бір ауруханада жұмыс істейді деп тұр. Сөйтіп, тестілеу нәтижесін жариялайтын кезде қате кеткен. Біз оқиғаның мән-жайын анықтадық, енді бәрі өз орнына келді. Соңында әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ. Дау-дамай шешілді», – дейді вице-министр. Оның айтуынша, министрлік бұл істен қорытынды шығарып, бұдан былай тестілеу нәтижесін беретін кезде қосымша тексеру жүргізіледі.   https://www.facebook.com/kamalzhan.nadyrov/videos/2380340585398683/ «Адам факторын барынша азайтамыз. Жағдайды пайдаланып, әріптестеріме алғыс айтып, қолдау көрсеткім келеді. Тезірек қатарға қосылып, халыққа көмек көрсете беріңіздер. Әріптестер, бүгінгі күні сіздердің бірлігіңіз бәрінен маңызды», – деп жазады Камалжан Надыров. Кеше алматылық 110 дәрігердің жаппай коронавирус жұқтырғаны туралы жазған едік. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Медқызметкерлер видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінген болатын. Кеше кешкісін орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретіні белгілі болды. Осы жағдайдан кейін Алматы қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Джувашев қызметінен босатылды.