Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жетті - вице-министр
Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жетті - вице-министр
© inform.kz
95
оқылды
Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жетті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтып берді. – Біз коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеттік. Яғни, қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, елді мекендерде жұмысын тоқтатпаған, инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ауқымды тексеру басталды. Бұл тестілеу 10 сәуірден 20 сәуірге дейін белсенді түрде жүргізіледі, – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, аурудың таралуына байланысты, медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимге ауысты. – Әрбір пациентті ықтимал науқас деп қараған жөн, сондықтан медициналық қызметкерлер қорғаныс бұйымдарын қолдануы міндетті. Одан бөлек, провизорлық стационарға да жұқпалы аурулар ауруханасының талаптары қойылады: міндетті түрде бейнебақылау, желдету жүйесі болуы керек, палаталарды толтыру циклы сақталғаны жөн. Әрбір ауысым екінші ауысымнан оқшаулануы қажет. Ең бастысы – медициналық ұйым басшылары қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті, – деді Л. Ақтаева.