Нұрымбетов 42500 теңге үшін ешкім сотталмайтынын айтты - Алаяқтар бөлек жауап береді
Нұрымбетов 42500 теңге үшін ешкім сотталмайтынын айтты - Алаяқтар бөлек жауап береді
©А.Ахметқазы
313
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі парақшасында 42500 теңге үшін ешкім соталмайтынын хабарлады. Бұған дейін көпшілік арасында 42500 теңгені жалған дерек көрсетіп алғандар артынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы сөз шықты. "Біраз заңгерлер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не посттар жазуда. Оны 42500 теңгеге қатыстырып келтіруде. Заңгерлер болған соң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты, - деп жазды ол. Министрдің айтуынша, халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмаса да басым халықтың табысы аз. "Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз", - деп қорытындылады сөзін министр.