«Ақылды» жаяу жүргінші жолы пайдалануға берілді
«Ақылды» жаяу жүргінші жолы пайдалануға берілді
250
оқылды
Елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) жүйесі қосылды. Жүйенің ерекшелігі, түн баласы жолдан өтетін жаяу жүргінші жолға түскен сәтте жол жамылғысы жарықтанады. Тұрғындардың айтуынша, бұл жүйе жол қауіпсіздігін сақтауда үлкен септігін тигізуде. «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында Smart city – Saryagash жобасы әзірленген болатын. Осы жоба аясында бүгінгі таңда республикада алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) жүйесі қосылды. Жобаның ерекшелігі – жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Сандық жүйе жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктері іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сарыағаш қаласында пайдалануға берілген бұл ақылды жаяу жүргінші жолы тұрғындардың жол қауіпсіздігін сақтауда үлкен септігін тигізуде. Елдің қауіпсіздігіне арналған жүйе алдағы уақытта халық көп жүретін маңызды жаяу жүргінші жолдарға орналастыратын болады.