Қарағандыдағы ұшақ апатына қатысты толық ақпарат жарияланды
Қарағандыдағы ұшақ апатына қатысты толық ақпарат жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында болған болған ұшақ апатына қатысты толық ақпаратты жариялады. Қазіргі уақыттағы ақпаратқа сәйкес, Қарағанды қаласы маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарған. Олар – тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиев жалпы 888 сағат, ал И. Гаврилко 1161 сағат ұшқан. Апат орнына Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген. Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауыр деп отыр. Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы барды. Еске сала кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шыққан. Қарғандыдағы оқиға – МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұған дейін 2007, 2008, 2013 жылдары МиГ-31 ұшағы апатқа ұшыраған. Кеше Қарағанды облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.