1 000 бөлке нан тегін таратылады
1 000 бөлке нан тегін таратылады
240
оқылды

Отыз күн Оразаның берекесі қайырымды шаралармен еселене түсетіні анық. Осы орайда Тараз қаласындағы «Нұрислам» көтерме маркеті қайырымдылық шарасын қолға алып отыр.

Олар күніне мың бөлке нанды тегін таратады. «Осыған дейін басқа дүкендерге қара­ғанда біз нанды арзан саттық. Ал енді Рамазан айында бір ай бойы тұрақты тұтынушы­ларымызға, келушілерге, яғни бір адамға екі бөлке нанды тегін беруді жөн көрдік. Иә, алғашында тек жетім-жесірлерге, әлеуметтік қол­дауды қажет ететін және мүм­кіндігі шектеулі жандарға береміз деп ойлағанбыз. Ақыры, ешкімді бөліп жармай келуші­лерге күніне мың бөлке нан таратуды дұрыс деп таптық», – дейді сауда үйінің басшысы Серік Қарымсақ.

 

Ерман ӘБДИЕВ, 

Тараз қаласы